Патентті күшінде сақтау

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Патентті күшінде сақтау

Патент иеленуші Заңның 11-бабының 15-тармағына сәйкес жыл сайын қорғау құжатын күшінде ұстау үшін өтінім берілген күнге сәйкес келетін күнге ақы төлейді.

Көрсетілетін қызметті беруші патент берілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде патент иеленушіге осы қағидалардың 13-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорғау құжатын күшінде ұстау үшін ақы төленгені туралы хабарлама жібереді.

Қорғау құжатын күшінде ұстап тұру үшін алғашқы төлем қорғау құжатын беру туралы мәліметтер жарияланған күннен бастап екі ай мерзімде жүргізіледі және өтінім берілген күннен бастап алдындағы жылдар үшін төлемді қамтиды.

Қорғау құжатының қолданысының әрбір келесі жылы үшін оны күшінде ұстағаны үшін ақы төлеу  «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «ҰЗМИ» ШЖҚ РМК ағымдағы жыл ішінде жүзеге асыратын жұмыстары мен  қызметтері үшін бағаларына» сәйкес жүргізіледі.

Қорғау құжатын күшінде ұстау үшін төлем жүргізілгеннен кейін патент иеленуші немесе өкіл көрсетілетін қызметті берушіге төлем құжаттарының көшірмелерін ұсынады.

Көрсетілетін қызметті беруші төлем туралы құжат болған жағдайда қорғау құжатын келесі жылға күшінде ұстау туралы Мемлекеттік тізілімдерге мәліметтерді енгізеді.

Төлем белгіленген мерзімнен кейін жасалған жағдайда, Париж конвенциясының 5 (bis) бабының (1) тармағына сәйкес өнеркәсіптік меншік құқықтарын сақтауға арналған баждарды төлеу үшін, қосымша баж төлем шартымен, мерзім өткен күннен бастап алты айды құрайтын жеңілдетілген мерзім беріледі. Бұл ретте төлемнің көлемі белгіленген бағаларға сәйкес 50 пайызға артады.

Патент статусы туралы ақпаратты «Қазақстан Республикасы өнеркәсіптік меншік объектілерінің мемлекеттiк тiзiлiмi» тарауынан қарап шығуға болады.

Өнертабысқа патентті күшінде ұстау Қазақстан Республикасының келесі нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі: