Ұлттық зияткерлік меншік институты
Патенттің әрекет ету мерзімін ұзарту
Қазақстан Республикасының Патент Заңының 5-бабының 3 тармағына сәйкес өнертабысқа патент өтiнiм берiлген күннен бастап жиырма жыл бойы қолданылады.
Қолданылуы үшін Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен рұқсаттар алу талап етілетін дәрілік затқа, пестицидке жататын өнертабысқа қатысты айрықша құқықтың және осы құқықты куәландыратын патенттің қолданылу мерзімі патент иеленушiнiң өтiнiшхаты бойынша, бiрақ бес жылдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкiн.
Көрсетілген мерзім бес жыл шегеріле отырып, өнертабысқа патент беруге өтінім берілген күннен бастап өнертабысты қолдануға алғаш рұқсат алынған күнге дейінгі өткен уақытқа ұзартылады. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z990000427_
Өнеркәсіптік меншік объектілерін Өнертабыстардың мемлекеттік тізілімінде, Пайдалы модельдердің мемлекеттік тізілімінде, Өнеркәсіптік үлгілердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттарын және олардың телнұсқаларын беру, патенттерді жарамсыз деп тану және қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларының 25-36 тармақтарына сәйкес өнертабысқа патенттің қолданылу мерзімін ұзарту жөнінде өтінішхат беру және іс қағаздарын жүргізу сенімхат бере отырып, патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге де өкіл арқылы жүзеге асырылады.
Өтінішхат қазақ немесе орыс тілінде беріледі.
Өтінішхатқа патент иеленуші немесе сенімхат бойынша әрекет ететін өкіл қол қояды (егер патент иеленушілер бірнеше адамдар тобы болса, өтінішхатқа аталған топқа кіретін барлық адамдар қол қояды).
Өтінішхатқа мыналар қоса беріледі:
1) қолдануға құзыретті органның өнертабыс формуласының тәуелсіз тармағында сипатталған өнертабысты емдік дәрі-дәрмекке, пестицидке (улы химикаттықа) жатқызуға мүмкіндік беретін алғашқы рұқсаты алынған емдік дәрі-дәрмек, пестицид (улы химикат) туралы мәліметтерді қамтитын ресми құжаттардың көшірмелері;
2) айрықша құқықты және құқықты куәландыратын патентті қолдану мерзімі сұратылып отырған өнертабысты (өнертабыс формуласының тиісті тәуелсіз тармағын) көрсету, көрсетілген рұқсат өнертабысқа қатысты алғашқы болып табылатынын пайымдау және көрсетілген өнертабысты емдік дәрі-дәрмек, пестицид (улы химикат) өнертабыс формуласының тиісті тәуелсіз тармағында сипатталғанын анықтайтын түсіндірме;
3) өнертабысқа патенттің қолданылу мерзімін ұзарту және ұзарту туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялау үшін төлемді растайтын құжат;
4) сенімхат (егер өтінішхатты өкіл берсе) немесе сенімхаттың көшірмесі (егер өтінішхатты патенттік сенім білдірілген өкіл берсе).
Өтінішхат пен оған қоса берілетін құжаттар сараптама жасау ұйымына тікелей беріледі немесе пошта арқылы жіберіледі.
Өтінішхат пен оған қоса берілетін құжаттар сараптама жасау ұйымына келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.
Өтінішхатты қарау қаралатын патенттің өнертабыс формуласының тәуелсіз тармағында сипатталған өнертабысты қолдануға рұқсат алынған емдік дәрі-дәрмекке, пестицидке (улы химикаттықа) жатқызу мүмкіндігін тексеруді қамтиды.
Қосынды (жалпы құрылымдық формуламен сипатталатын қосындылар тобы) түрінде сипатталған өнертабысты қолдануға рұқсат алынған емдік дәрі-дәрмекке, пестицидке (улы химикатқа) жатқызу мүмкіндігін тексеру өнертабыс формуласының тәуелсіз тармағында сипатталған қосындыны рұқсатта көзделген дәрі-дәрмектің, пестицидтің (улы химикаттың) белсенді ингредиентімен салыстыруды қамтиды. Бұл ретте, өнертабыстың сипаттамасы қосындының оны көрсетілген дәрі-дәрмекте, пестицидте (улы химикатта) пайдалануға мүмкіндік беретін осындай белсенділігі бар екені туралы ақпараттың болуы тексеріледі. Егер қосынды осындай дәрі-дәрмектің, пестицидтің (улы химикаттың) белсенді ингредиенті болып табылса, және өнертабыстың сипаттамасы тиісті ақпаратты қамтитын болса, қаралатын өнертабыс рұқсатта көрсетілген емдік дәрі-дәрмекке, пестицидке (улы химикатқа) жатады.
Композиция түрінде сипатталған өнертабысты қолдануға рұқсат алынған емдік дәрі-дәрмекке, пестицидке (улы химикатқа) жатқызу мүмкіндігін тексеру патенттелген композицияның сипаттамасын және рұқсатта көрсетілген дәрі-дәрмектің, пестицидтің (улы химикаттың) композициясының сипаттамасын (мақсаты, құрамы, өнертабыс формуласында келтірілген немесе композиция құрамынан анықталатын нысан) салыстыруды құрайды.
Егер өнертабыс формуласының тәуелсіз тармағы рұқсатта көрсетілген дәрі-дәрмектің, пестицидтің (улы химикаттың) сипаттамасын қамтыса, қаралып отырған өнертабыс емдік дәрі-дәрмекке, пестицидке (улы химикатқа) жатады.
Қосындыны, сондай-ақ қосындыны қамтитын дәрі-дәрмектің, пестицидтің композициясы кіретін өнертабыстар тобына берілген өнертабысқа патенттің қолдану мерзімін ұзарту жүзеге асырылады және топтың әрбір өнертабысына қатысты жүргізіледі.
Құжаттардың толық пакеті ұсынылмаған жағдайда өтініш беруші сараптама ұйымына сұраныс жіберілген күннен бастап жиырма жұмыс күнен кешіктірмей қажетті құжаттарды ұсынуы тиіс. Тиісті құжаттар ұсынылмаған жағдайда патенттің қолданысы ұзартылмайды, ол туралы өтінішхат берген тұлға хабардар етіледі.
Өтініш хат беру шарты сақталған жағдайда патенттің қолданылуы ұзартылады.
Өнертабысқа патенттің қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы өнертабыстарының мемлекеттік тізіліміне енгізіледі және бюллетеньнің жақын арадағы басылымында жарияланады. Патенттің қолданылу мерзімін ұзарту туралы тиісті хабарлама өтінім берушінің мекен жайына жіберіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1341 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 24 қыркүйекте № 17415 болып тіркелді. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017415
Өнертабысқа патенттің қолданылуын қалпына келтіру
Қазақстан Республикасының Патент Заңының 31-бабының 1 тармағына сәйкес осы Заңның 30-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында аталған негiзде тоқтатылған патенттің қолданылуы, патент иеленушiнiң өтiнiшхаты бойынша патенттi күшiнде ұстап тұру үшiн төленетiн төлемнiң мерзiмi өткен күннен бастап үш жыл iшiнде, қалпына келтiрiлуi мүмкiн. Қалпына келтіру туралы өтінішхатқа патенттің қолданылуын қалпына келтiруге құжаттарды дайындағаны үшін және төлем мерзімі өтіп кеткен қолданылу кезеңінде оны күшінде ұстап тұру үшін төлемді растайтын құжат қоса беріледі.
Сараптама ұйымы қалпына келтіру туралы өтінішхат берілген күннен бастап екі айдан кешіктірмей патенттiң қолданылуын қалпына келтiру туралы мәлiметтерді бюллетеньде жариялайды. Жарияланым күнi патенттiң қолданылуы қалпына келтiрiлген күн болып табылады. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z990000427_