Ұлттық зияткерлік меншік институты
Өнертабысқа патент беру туралы өтінішті толтыру кезінде туындайтын жалпы қателіктер
1. Өтініш беруші туралы мәліметтерді ұсына отырып, мысалы, заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты көрсетілетін «Өтініш берушінің атауы» бағанында. Бланкіде өтініш берушінің атауы көрсетілмеуі немесе ол толық көрсетілмеуі мүмкін;
2. «ДЗМҰ St.3 стандарты бойынша ел коды» бағанында өтініш берушінің шыққан елін көрсетуге қатысты мәліметтер. Бұл бағанда өтініш берушінің шыққан елінің коды болмауы немесе ол қате көрсетілуі мүмкін;
3. «Хат алмасу мекен-жайы» бағанында мекен-жай қате көрсетілуі немесе толық көрсетілмеуі мүмкін;
4. Автор бағанында Өнертабыс авторының аты-жөні, мекен-жайы көрсетілмеуі немесе толық көрсетілмеуі мүмкін;
5. Өнертабыс авторы туралы мәліметтерден кейін, төменде орналасқан бағанда, өнертабысқа патент беру туралы мәліметтерді жариялау кезінде өзін атамауды сұраған автордың аты-жөні мен қолы қойылуы қажет. Бұл бағанда барлық автордың аты-жөні мен қолы қойылуы міндетті емес (тек патент туралы мәліметтерді жариялау кезінде өзін атамауды сұраған авторды көрсету қажет).
6. Өтініштің екінші бетіндегі соңғы баған «Өтінім берушінің қолы» бағанында өтінім берушінің қолы қойылуы қажет. Көп жағдайда өтінім берушілер бағанында қол қоюды ұмыт қалдырады.
Өтінім берушілердің өтінім материалдарын рәсімдеу кезінде жіберетін заңнама талаптарына сәйкессіздіктері
№п/п |
Жіберілетін сәйкессіздіктер |
Өтінім материалдарын рәсімдеу кезінде өтінім берушінің басшылыққа алуы қажет заңнамалық құжаттармен қойылатын талаптар - ҚР Патент Заңы (әрі қарай - Заң); - Өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімдерге сараптама жүргізу Қағидасы (әрі қарай - Қағида) |
1 |
Өнертабыс деп танылмайтын объектілерге өтінім беру Заңның 6 бабы 3 тармағына сәйкес Мыналар: 1) жаңалықтар, ғылыми теориялар және математикалық әдiстер; 2) шаруашылықты ұйымдастыру және басқару әдiстерi; 3) шартты белгiлер, кестелер, ережелер; 4) ақыл-ой операцияларын орындау, ойындарды жүргiзу ережелерi мен әдiстерi; 5) есептегiш машиналарға арналған бағдарламалар мен алгоритмдердiң өзi; 6) ғимараттар, үйлер, аумақтар жоспарларының жобалары мен тәсiлдерi; 7) бұйымдардың тек сыртқы түрiне қатысты ұсыныстар; 8) қоғамдық тәртіпке, iзгiлiк пен мораль қағидаттарына қайшы келетiн ұсыныстар өнертабыстар деп танылмайды. Заңының 6-бабының 3-1-тармағына сәйкес Патенттер мыналарға: 1) адамды клондау тәсілдеріне және оның клонына; 2) адамның ұрықтық желісі жасушаларының генетикалық тұтастығын өзгерту тәсілдеріне; 3) адами эмбриондарды коммерциялық, әскери және өнеркәсіптік мақсаттарда пайдалануға берілмейді.
|
Заңның 6 бабы 2 тармағына сәйкес Өнiмге (құрылғыға, затқа, микроорганизмнiң штаммына, өсiмдiктер немесе хайуанаттар клеткаларының көбеюiне), әдiске (материалдық объектiмен iсәрекеттi материалдық құралдардың көмегiмен жүзеге асыру процесiне), сондай-ақ белгiлi өнiмдi немесе әдiстi жаңа мақсатта немесе жаңа өнiмдi белгiлi бiр мақсатта қолдануға жататын кез келген саладағы техникалық шешiмдер өнертабыс ретiнде қорғалады.
|
2 |
Өнертабыстың қате атауы: - мақсатының сипатталмауы; - өнертабыстың атауында өнертабысты сәйкестендіру мақсаттары болмайтын "патент" сөзі, жеке есімдер, аббревиатура мен терминдердің пайдаланылуы.
|
Қағиданың 7 тармағы Өнертабыстың атауы оның мақсатын сипаттайды және нақты әрі қысқа болады. Өнертабыстың атауында өнертабысты сәйкестендіру мақсаттары болмайтын "патент" сөзі, жеке есімдер, тұрпайы атаулар, жарнамалық немесе сауда атаулары, тауар белгілері немесе аббревиатура мен терминдер пайдаланылмайды. |
3 |
Өнертабыс сипаттамасының қате рәсімделуі: - аналогтардың әрқайсысын сипаттау кезінде ол ашып көрсетілген ақпарат көзінің библиографиялық деректерінің көрсетілмеуі; - библиографиялық деректердің сипаттама мәтінінде көрсетілмеуі; - өнертабысты жүзеге асыру кезінде алатын техникалық нәтиже көрсетіліп, шешіміне өтінім берілген өнертабыс бағытталатын міндеттің көрсетілмеуі; - сипаттамада сызба фигураларына (элементтеріне) сілтеме жасалмауы; - өнертабыстың мәні бөлімінде өтінім берушімен айқындалған өнертабыстың мақсаты мен қол жеткізілетін нәтижені көрсете отырып өнертабыстың жүзеге асырылу мүмкіндігінің толық көлемде ашылмауы
|
Қағиданың 6 тармағы Сипаттама өтінім орыс тілінде берілген жағдайда қазақ тілінде де көрсетілетін өнертабыс атауынан басталады және ол мынадай бөлімдерді қамтиды: - өнертабыс жататын техника саласы (өнертабыстың қолданылу саласы көрсету қажет); - техника деңгейі (өнертабыс аналогы ретінде өнертабыстың елеулі белгілерінің жиынтығына ұқсас, белгілер жиынтығымен сипатталатын өнертабысқа басымдық берілген күнге дейін жалпы жұртқа қолжетімді болған мәліметтерден белгілі сол мақсаттағы құралды; Тікелей мәтінде аналогтардың әрқайсысын сипаттау кезінде ол ашып көрсетілген ақпарат көзінің библиографиялық деректерін, өтінім берілген өнертабыстың елеулі белгілеріне сәйкес келетіндерді бөліп ала отырып, аналогты сипаттайтын белгілерді, сондай-ақ өтінім берушіге белгілі қажетті техникалық нәтижені алуға кедергі келтіретін себептерді); - өнертабыстың мәні (өнертабысты жүзеге асыру кезінде алатын техникалық нәтиже көрсетіліп, шешіміне өтінім берілген өнертабыс бағытталатын міндет. Өнертабысты сипаттайтын барлық елеулі белгілер қамтылады); - сызба фигураларының және өзге де материалдардың (егер олар қоса берілсе) тізбесі; - өнертабысты жүзеге асыру мүмкіндігін растайтын мәліметтер(өнертабыстың жүзеге асырылу мүмкіндігін растайтын мәліметтерде өтінім беруші көрсеткен мақсатта іске асыру мүмкіндігі және өнертабыстың мәнінде көрсетілген техникалық нәтижені алу мүмкіндігі ашып көрсетіледі). |
4 |
Графикалық кескіндердің қате рәсімделуі |
Қағиданың 33, 43 тармақтары Графикалық кескіндер (сызбалар, схемалар, графиктер, суреттер және т.с.) ұзына бойына біркелкі қалыңдықтағы өшпейтін қара айқын сызықтармен, тушьсыз және бояусыз орындалады. Сызбада кескінделген элементтер өнертабыс сипаттамасына сәйкес араб цифрларымен белгіленеді. Сызбалар, схемалар, суреттер өнертабыстың сипаттамасы мен формуласында келтірілмейді. Сызбалар, схемалар және суреттер жеке парақтарда (парақта) ұсынылады, оның оң жақ жоғарғы бұрышында өнертабыстың атауы келтіріледі. |
5 |
Өнертабыс формуласының қате рәсімделуі – техникалық нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін барлық елеулі белгілерінің көрсетілмеуі; – елеулі белгілердің орнына қол жеткізілетін техникалық нәтиже белгілерінің көрсетілуі; – бірнеше сөйлем (абзац) түрінде жазылуы
|
Қағиданың 19-32 тармақтары Өнертабыс формуласы патентпен берілетін құқықтық қорғау көлемін анықтауға арналады. Өнертабыс формуласы анық, нақты болуы керек, сипаттамаға негізделеді және өнертабыс сипаттамасындағы бар ұғымдармен сипатталуы керек. Формула тармағы неғұрлым жақын ұқсас белгілеріне сәйкес келетін өнертабыс белгілерін, оның ішінде формуланы жазу басталатын мақсатты көрсететін тектік ұғымды қамтитын шектеу бөлігінен және өнертабысты неғұрлым жақын аналогынан ажырататын белгілерді қамтитын айырмалық бөліктен тұрады; Формула тармағы бір сөйлем түрінде жазылады. |
6 |
Өнертабыс рефератының қате рәсімделуі - реферат мәтінінде техника деңгейінің келтірілуі; - реферат мәтіні ұсынылған көлемнен артық болуы |
Қағиданың 34 тармағы Реферат өнертабыстар туралы қысқаша ақпаратты, яғни атауын, өнертабыс жататын техника саласының және (немесе) қолдану саласының сипаттамасын және (немесе) егер бұл атауынан анық болмаса, әрбір тәуелсіз тармақтың барлық елеулі белгілері сақталатын формуланы еркін жазу арқылы сипатталған қол жеткізілетін техникалық нәтиже көрсетіліп, өнертабыс мәнінің сипаттамасын қамтитын өнертабыс сипаттамасының қысқаша жазылған мазмұнын білдіреді. Реферат мәтінінің ұсынылатын көлемі - 1000 баспа таңбаға дейін. |
7 |
Бастапқы материалдар шеңберінен тыс өзгертулер мен толықтырулар |
Қағиданың 85 тармағы Өтінім беруші өз бастамасымен немесе сараптама жасау ұйымының сұрау салуы бойынша ұсынған және қарауға қабылданған қосымша материалдар олардың мәлімделген өнертабыс мәнін өзгертпеуіне тексеріледі. Қосымша материалдар, егер онда өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ, формулаға енгізуге жататын белгілерді қамтыса, өтінім берілген өнертабыстың мәнін өзгертеді деп саналады. Қосымша материалдарда келтірілген және формулаға енгізуге жататын белгілер, егер олар онда немесе формулада, егер ол ұсынылған болса, сараптама жасау ұйымына патент беруге өтінім, өнертабыс сипаттамасы және сызбалар (егер сипаттамада оларға сілтемелер болса) түскен күні ашылмаған болса, өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ деп танылады. Егер өтінімнің бастапқы материалдарында өнертабыс белгісі оны орындаудың жеке нысандарын ашпастан жалпы ұғыммен көрсетілген болса, осындай орындау нысанын қосымша материалдарда оны өнертабыс формуласына енгізуге жататын белгіге жатқызумен ұсыну қосымша материалдарды мәлімделген өнертабыстың мәнін өзгертетін деп тануға негіз болып табылады. |
"Тауар таңбасын тіркеу", "Өнеркәсіптік меншік объектілеріне патент беру", "селекциялық жетістікке патент беру", "тауар шығарылған жердің атауын тіркеу" мемлекеттік қызметтерін көрсетуге өтініштер берген кезде өтінім берушілер жиі жіберетін қателіктер:
1. белгіленбеген нысандағы өтініш;
2. электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылмаған өтініш;
3. басқа үлгі бойынша өтініш (мысалы, басқа өтінішхат);
4. өтінішке басқа адам қол қояды;
5. мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш патент беру туралы шешім шығарылғаннан бұрын жіберіледі, бұл ретте өтінім мәні бойынша сараптама кезеңінде болады;
6. өтініш қағаз тасығышта берілген кезде заңды тұлғаның қолы мен мөрі жоқ.