Ұлттық зияткерлік меншік институты
Тауар белгісі – бір заңды немесе жеке тұлға тауарларының (қызметтерінің) басқа заңды немесе жеке тұлғалардың біртектес тауарларынан (қызметтерінен) ажырату үшін қолданылатын белгісі.
Тауар белгісі ретінде бейнелік, сөздік, әріптік, сандық және өзге де белгілер немесе олардың комбинациялары тіркелуі мүмкін.
Тауар белгісі кез келген түсте немесе сандық үйлесімінде тіркелуі мүмкін.
Тауар белгілері ретінде тіркелген белгілерінің мысалдары
Қазақстан Республикасындағы тауар белгілерін құқықтық қорғау мемлекеттік тіркеу негізінде, сонымен бірге Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына байланысты тіркеусіз ұсынылады.
Тауар белгілерін құқықтық қорғау жеке немесе заңды тұлғаларға ұсынылады.
Тауар белгісіне құқықтық қорғау Қазақстан Республикасы тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiндегі жазбамен куәландырылады және Қазақстан Республикасы тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiнен үзінді-көшірмесімен расталады.
Тауар белгісінің иесі оған тиесілі тауарлар мен қызметтер куәлігінде көрсетілген тауар белгісін пайдалану мен иелік ету бойынша айрықша құқығына ие болады. Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар белгісін оның иесінің келісімінсіз ешкім пайдалана алмайды.
«ҰЗМИ» РМК мемлекеттік монополия субъектісі ретінде келесі қызметтерді көрсетеді: