Жеделдетілген сараптама

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі № 427 Патент заңының 22-бабының 13-1-тармағына сәйкес өтінім берушінің өтінішхаты бойынша өнертабысқа патент беруге арналған өтінімге сараптама, егер мәлімделетін өнертабыс патенттеудің қолайлы шарттары көзделген объектілерге жататын болса, алты ай ішінде жеделдетілген түрде жүргізіледі.

Өнеркәсіптік меншік объектілеріне арналған өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларының 88 тармағына сәйкес (ҚР Әділет министрінің 29.08.2018 ж. № 1349 бұйрығымен бекітілген және ҚР Әділет министрінің 26.12.2018 ж. №1630 бұйрығымен енгізілген өзгерістерге сәйкес) патенттеудің қолайлы шарттары көзделген объектілер ретінде келесі өнертабыстар танылған:

  1. қоршаған ортаны ластайтын зиянды заттарды азайтуға бағытталған және электр және (немесе) жылу энергиясын өндiру үшiн жаңартылатын энергия көздерiн қолданып, (күн сәулесiнiң энергиясы, жел энергиясы, гидродинамикалық су энергиясы; геотермальдық энергия: топырақтың, жерасты суларының, өзендердiң, су айдындарының жылуы, сондай-ақ бастапқы энергия ресурстарының антропогендiк көздерi: биомасса, биогаз және органикалық қалдықтардан алынатын өзге де отынды) ойлап табылған өнертабыстар;
  2. ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы өнертабыстар;
  3. пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың, сондай-ақ онкологиялық аурулардың диагностикасы, профилактикасы және емдеу саласындағы өнертабыстар.

Өнертабысқа патент беруге өтінімге сараптаманы жеделдетіп жүргізу он күн ішінде ресми сараптаманы жүргізуді, екі ай ішінде ақпараттық іздеу жүргізуді, үш ай ішінде мәні бойынша жеделдетілген сараптама жүргізуді қамтиды.

Өнертабысқа патент беруге өтінімге сараптаманы жеделдетіп жүргізу туралы өтінім берушінің өтінішхаты өтінім берген кезде беріледі.

Өтінішхатпен бір мезгілде ресми және мәні бойынша жеделдетілген сараптамаға төлемді растайтын құжат тапсырылады.    

Ресми және мәні бойынша жеделдетілген сараптамаға төлемді растайтын құжат тапсырылмаған жағдайда өтінішхат берілмеген болып табылады, ол туралы өтінім берушіге өтінішхат берілмеген деп танылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті хабарлама жіберіледі.

Өтінімнің жеделдетілген сараптамасын есептеу мерзімі сараптаманың хабарламалары мен сұрау салуларына жауаптарды, тиісті төлемді растайтын құжаттарды қоса алғанда, өтінім берушіден қажетті құжаттарды алғанға дейін тоқтатыла тұрады.

 

Жеделдетілген сараптама төлем мөлшері

 

Рет

Атауы

Заңды тұлғалар үшін

Кіші және орта бизнес субъектілері үшін

Жеке тұлғалар үшін

Бұйрыққа 2-қосымшаның 1.1) - тармағына және 3.1) - тармағына сәйкес жеңілдік санатына жататын өтінім берушілер үшін

1

2

3

4

5

6

1.

Өтінімдерді қабылдау және патенттеу үшін қолайлы жағдайлар көзделген объектілерге өнертабысқа жеделдетілген ресми сараптама жүргізу

23 367,68
18 694,14
7 010,08
1 168,00

 2.

Патенттеудің қолайлы шарттары көзделген объектілер бойынша өнертабысқа өтінімнің мәні бойынша жеделдетілген сараптама жүргізу

80 351,04

64 280,83

24 104,64

4 020,00

1) 

Өнертабыс формуласының бірден астам әр тәуелсіз тармағы үшін қосымша

53 519,20

42 815,36

16 055,20

2 676,00