Кезеңдер

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Өнертабысқа патент беруге өтінім сараптамасы екі кезеңнен тұрады:

Ресми сараптама және мәні бойынша сараптама жүргізу.

Ресми сараптама жүргізу барысында Қазақстан Республикасының Патенттік Заңының 17-бабының 2-тармағында көзделген құжаттардың болуы және оларға қойылатын белгіленген талаптардың сақталуы тексеріледі.

Өтінімнің құжаттарына қойылатын талаптарды бұза отырып берілген өтінім бойынша өтінім берушіге ол жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде түзетілген немесе жоқ құжаттарды ұсыну ұсынысы бар сұрау салу жіберіледі.

Ресми сараптама оң нәтижемен аяқталған соң сараптама жасау ұйымы өтінімге мәні бойынша сараптама жүргізеді.

Өтінімнің мәні бойынша сараптамасы Сараптама жасау ұйымына өтінімнің мәні бойынша сараптамасының төленгенін растайтын құжатты ресми сараптама нәтижесі туралы хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде ұсынған жағдайда жүргізіледі.

Өтінімнің мәні бойынша сараптамасы мәлімделген ұсынысты өнертабыс ретінде қорғалатын объектілерге жатқызу мүмкіндігін анықтауды, техника деңгейін анықтау үшін мәлімделген өнертабысқа қатысты ақпараттық іздестіру жүргізуді, мәлімделген объектінің (объектілердің) өнертабыс бірлігінің талаптарына және Қазақстан Республикасының Патент заңының 6-бабында белгіленген патентке қабілеттілік шарттарына сәйкестігін тексеруді қамтиды.

Егер өтiнiм өнертабыс ретiнде қорғалмайтын объектiлерге қатысты болса, өтiнiм берiлген өнертабыс өтiнiш берушi сұраған құқықтық қорғау көлемiнде өнертабыстың патент қабiлеттiлiгi талаптарына сәйкес келмейтiнi анықталған кезде және өтiнiм берушi ұсынылған формулада өтiнiмнiң бастапқы материалдарында жоқ белгiлердiң болуы туралы немесе өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiден басқа, өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiлерге жатпайтын ұсынысты да сипаттайтын болса немесе оған қатысты өнертабыс бiрлiгi талаптары бұзылуына байланысты қарау өткiзiлмегенi туралы хабарланғаннан кейiн өнертабыс формуласын өзгертпесе Өтiнiм берiлген өнертабыс өтiнiш берушi сұраған құқықтық қорғау көлемiнде өнертабыстың патент қабiлеттiлiгi талаптарына сәйкес келмейтiнi анықталған кезде өнертабысқа патент беруден бас тарту туралы шешім шығарылады.       

Өтiнiм берушi сараптама жасау ұйымының патент беруден бас тарту туралы шешімі жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде уәкiлеттi органға қарсылық бере алады. Қарсылықты шағым кеңесi ол түскен күннен бастап төрт ай мерзiмде қарауға тиiс.                                                                             

Егер өтiнiмге мәнi бойынша сараптама жасау нәтижесiнде сараптама ұйымы өтiнiм берушi сұрап отырған құқықтық қорғау көлемiндегі мәлімделген ұсыныс Патент заңының 6-бабында айқындалған өнертабыстың патентке қабiлеттiлiк шарттарына сәйкес келетiнiн анықтаса, онда өнертабысқа патент беру туралы шешім шығарылады.                                                                            

Өтінім берушіге сараптама ұйымының патент беру туралы шешім қабылдағаны туралы хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде өтінім беруші сараптама ұйымына патентті беруге дайындағаны және жариялағаны үшін тиісті төлемді растайтын құжатты ұсынады. Көрсетілген құжат ұсынылмаған кезде өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру төлемінің төленгені туралы құжат ұсынылған жағдайда төлем мерзімі үш ай ішінде қалпына келтірілуі мүмкін. Керісінше жағдайда өтінім кері қайтарып алынды деп есептеледі, өтінім бойынша іс жүргізу тоқтатылады, бұл жөнінде өтінім беруші қалпына келтіру мерзімі өткен күннен бастап бір ай мерзімде хабардар етіледі.

Өтінім беруші жариялау мақсатында қажетті құжаттарды, ал қажет болған жағдайда мерзімінен бұрын жариялау туралы өтінішті ұсынғаннан кейін «ҰЗМИ» РМК Өнертабыстардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізеді, патент беру туралы ақпаратты электрондық бюллетеньде жариялайды.