Жаңалықтар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

slide
slide
slide
slide
slide

Орталық Азияда тұңғыш рет «Зияткерлік меншік және бизнес құқық» магистрлік оқу бағдарламасы ашылуда

15 мамыр, 2024

2024 жылы 15 мамырда Maqsut Narikbayev University-де Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ) ұйымдастырған «National Seminar on Intellectual Property (IP) Education and Skills Development» шеңберінде маңызды іс-шара өтті. Шара барысында ДЗМҰ, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі және Maqsut Narikbayev University арасында «Зияткерлік меншік және бизнес құқығы» бірлескен магистрлік білім беру бағдарламасын іске қосу туралы Меморандумға қол қойылды.

Бұл зияткерлік меншік саласындағы магистрлік бағдарламасы Еуразия кеңістігіндегі алғашқы және жалғыз бағдарлама болмақ. Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының мұндай бірлескен магистрлік бағдарламалары әлемнің 14 елінде ғана ашылған. Атап айтқанда: Аргентина, Болгария, Зимбабве, Италия, Испания, Камерун, Оңтүстік Корея, Қытай, Сингапур, Үндістан, Польша, Сауд Арабия, Тунис және Түркияда ашылған.

Меморандумға қол қою рәсімі Maqsut Narikbayev University-де өтті. Аталған құжатқа ДЗМҰ Бас директоры Д. Танг, ҚР Әділет министрі А. Н. Есқараев, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Н. Саясат және Maqsut Narikbayev University Басқарма Төрағасы Т. М. Нәрікбаев қол қойды.

Меморандум нәтижесінде Қазақстанда алғаш рет 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап зияткерлік меншік және кәсіпкерлік құқық саласындағы жаңа Заң магистрі (LL.M) бағдарламасын оқыту жүзеге асады.

Тіркеуhttps://welc.wipo.int/acc/index.jsf?page=aipCatalog.xhtml&lang=en&cc=LLM_KAZAKHSTAN#plus_LLM_KAZAKHSTAN

Сондай-ақ шара аясында ДЗМҰ, ҚР Мемлекеттік органдары және Maqsut Narikbayev University өкілдері зияткерлік меншік саласындағы білім беру және дағдыларды дамытуға арналған бірлескен халықаралық семинар өткізілді.

Айта кету керек, бұл оқиға Қазақстандағы зияткерлік меншікті дамытудың жаңа кезеңі саналып, алдағы уақытта осы саладағы студенттер мен кәсіпқойлар үшін жаңа перспективалар ашады деп көзделуде.

Қосымша ақпарат: +7 (747) 912-12-89  (Алмас), +7 (776) 107-01-76 (Гүлжанат). e-mail: PR@kazguu.kz