Анонстар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Құрметті қатысушылар!

30 қыркүйек, 2024

Қатысуға өтінім - fa0f00d6cec33b3ef58672871ad43580Shapagat application forms_r 2024.pdf


«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Өнертабыс саласындағы жетістіктерге арналған «Шапағат - 2024» республикалық байқауына қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімінің ұзартылғанын хабарлайды.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2024 жылдың 30 қыркүйегі.

«Шапағат - 2024» байқауы өнертабыстарыңыз бен инновацияларыңызды паш етуге, жоғары дәрежеде бағасын алуға мүмкіндік береді. Біз барлық қазақстандық өнертапқыштарды, кәсіпорындарды, ғылыми ұйымдар мен оқу орындарын байқауға белсенді қатысуға және «Жыл өнертабысы», «Әйел-өнертапқыш», «Ең белсенді өнертапқыш», «Үздік инновациялық компания», «Жас өнертапқыш» және «Жас дарын» номинацияларында жеңіске жетуге шақырамыз.

Өнертабыстарыңызды танытып, отандық ғылым мен технологиялардың дамуына үлес қосу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Байқаудың жеңімпаздары дипломдармен, статуэткалармен және 500 мыңнан 1 миллион теңгеге дейінгі ақшалай сертификаттармен марапатталады.

«Шапағат» байқауына қатысуға және «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» құрметті атағын беру үшін өтінімдер мен ұсыныстар shapagat@kazpatent.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Өтінімдердің және ұсыныстардың үлгілері Qazpatent ресми сайтында қолжетімді https://qazpatent.kz/ru/media/6367/startoval-respublikanskij-konkurs-dostizhenij-v-oblasti-izobretatelstva-shapagat-2024

Байланыс тұлғалары:

  • Батырбекова Алтынай Бакбергенқызы – Qazpatent өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер департаментінің директоры
    (тел.: 8 (7172) 62 15 18, +7 (701) 165 11 84, email: a.batyrbekova@kazpatent.kz);

Бақтыбаева Назифа Бақтыбайқызы – Qazpatent патенттік зерттеулер және ТПҚК үйлестіру бөлімінің басшысы

(тел.: 8 (7172) 62 15 73, +7 (701) 917 91 85, email: n.baktybaeva@kazpatent.kz).