Анонстар

Ұлттық зияткерлік меншік институты

Назар аударыңыз ! Шапағат конкурсына өтінімдерді қабылдау ашылды

01 қыркүйек, 2023
Қазақстандық ғалымдардың өнертапқыштық қызметін қолдау және отандық кәсіпорындардың жетістіктерін кеңінен жариялау мақсатында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Ұлттық зияткерлік меншік институты» өнертапқыштық саласындағы жетістіктер республикалық «Шапағат» байқауын (бұдан әрі – Байқау), сонымен қатар, аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстардың авторларына «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» құрметті атағын беруге іріктеу жүргізеді.
«Шапағат» байқауы 2022 жылы өнертабыстарға берілген жарамды патенттері бар патентиелері арасында келесі номинациялар бойынша өткізіледі: «Жыл өнертабысы», «Өнертапқыш әйел», «Үздік инновациялық компания», «Жас өнертапқыш» (жас ғалымдар үшін / 18-35 жас аралығындағы студенттер), сондай-ақ жас өнертапқыштар арасындағы «Жас талап» (10-18 жас аралығындағы мектеп оқушылары үшін).
Конкурс жеңімпаздарын мемлекеттік органдардың, ғылыми ұйымдардың, кәсіпкерліктің, инновациялық қызмет саласындағы даму институттарының және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен тұратын Конкурстық комиссиясы мынадай критерийлер бойынша анықтайды: әлеуметтік маңыздылығы, өнертабысты пайдаланудан экономикалық тиімділік, экологиялық қауіпсіздік, бәсекеге қабілеттілік, өндіріске енгізу және/немесе технологияларды коммерцияландыру. Байқау жеңімпаздары дипломдармен, мүсіншелермен және ақшалай сертификаттармен (500 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін) марапатталады.
«Шапағат» өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің республикалық конкурсына қатысуға және «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» құрметті атағын беруге өтініштер (осы хатқа қосымшаға сәйкес) shapagat@kazpatent.kz электронды пошта арқылы ағымдағы жылдың 01 қыркүйегінен 16 қазанына дейін қабылданады.
Еліміздің өнертапқыштығына қосқан үлесіңіз үшін Сізге құрмет пен алғысымызды білдіре отырып, жоғарыда аталған Байқауға қатысуға шақырамыз.
Байланыс үшін:
Батырбекова Алтынай Бакбергенқызы – өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер департаментінің басшысы
 (тел.: 8 (7172) 62-15-18/ +7 (701)165-11-84 a.batyrbekova@qazpatent.kz );
Кожахметова Гульдана Каиржановна – департамент басшысы орынбасары-физика және машина құру саласындағы патенттік сараптама басқармасының басшысы
 (тел.:8 (7172-62-15-85/+7(701)439-30-31, g.kozhakhmetova@qazpatent.kz).