Ұлттық зияткерлік меншік институты
Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы ҚР Заңының 14-бабының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес патент иеленуші жыл сайын патентті күшінде ұстау үшін өтінім берілген күнге сәйкес келетін күнге ақы төлейді. Көрсетілетін қызметті беруші патент берілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде патент иеленушіге осы қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорғау құжатын күшінде ұстау жөнінде хабарлама жібереді.
Қорғау құжатын күшінде ұстап тұру үшін алғашқы төлем қорғау құжатын беру туралы мәліметтер жарияланған күннен бастап екі ай мерзімде жүргізіледі және өтінім берілген күннен бастап алдындағы жылдар үшін төлемді қамтиды.
Қорғау құжатын күшінде ұстау үшін оның қолданылатын әрбір келесі жылы үшін ақы төлеу қорғау құжаты қолданылатын ағымдағы жыл ішінде жүргізіледі.
Қорғау құжатын күшінде ұстау үшін төлем жүргізілгеннен кейін патент иеленуші немесе өкіл көрсетілетін қызметті берушіге төлем құжаттарының көшірмелерін ұсынуы қажет.
Көрсетілетін қызметті беруші төлем туралы құжат болған жағдайда қорғау құжатын келесі жылға күшінде ұстау туралы Мемлекеттік тізілімдерге мәліметтерді енгізеді.
Белгіленген мерзімнен кейін ақысы төленген жағдайда өнеркәсіптік меншік сақтау құқықтар қорғауға қарастырылған баж төлеу туралы Париж конвенциясының (bіs) 5 бабы (1) тармағына сәйкес қосымша баж төлеген жағдайда мерзімнен өту күнінен басталып алты айды құрайтын жеңілдетілген төлем мерзімі ұсынылады. Осы жағдайда төлем көлемі белгіленген бағадан 50 пайызға жоғары болады.
Патент статусы туралы ақпаратты «Қазақстан Республикасы өнеркәсіптік меншік объектілерінің мемлекеттiк тiзiлiмi» тарауынан қарап шығуға болады https://gosreestr.kazpatent.kz/
Селекциялық жетістікке патентті күшінде ұстау Қазақстан Республикасының келесі нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі: