Ұлттық зияткерлік меншік институты
Пайдалы модельге Қазақстан Республикасының патентін беру туралы өтінішті толтыру кезінде туындайтын типтік қателіктер
1. Өтініш беруші туралы мәліметтерді ұсына отырып, мысалы, заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты көрсетілетін «Өтініш берушінің атауы» бағанында. Бланкіде өтініш берушінің атауы көрсетілмеуі немесе ол толық көрсетілмеуі мүмкін;
2. «ДЗМҰ St.3 стандарты бойынша ел коды» бағанында өтініш берушінің шыққан елін көрсетуге қатысты мәліметтер. Бұл бағанда өтініш берушінің шыққан елінің коды болмауы немесе ол қате көрсетілуі мүмкін;
3. «Хат алмасу мекен-жайы» бағанында мекен-жай қате көрсетілуі немесе толық көрсетілмеуі мүмкін;
4. Автор бағанында пайдалы модель авторының аты-жөні, мекен-жайы көрсетілмеуі немесе толық көрсетілмеуі мүмкін;
5. Пайдалы модель авторы туралы мәліметтерден кейін, төменде орналасқан бағанда, пайдалы модельге патент беру туралы мәліметтерді жариялау кезінде өзін атамауды сұраған автордың аты-жөні мен қолы қойылуы қажет. Бұл бағанда барлық автордың аты-жөні мен қолы қойылуы міндетті емес (тек патент туралы мәліметтерді жариялау кезінде өзін атамауды сұраған авторды көрсету қажет).
6. Өтініштің екінші бетіндегі соңғы баған «Өтінім берушінің қолы» бағанында өтінім берушінің қолы қойылуы қажет. Көп жағдайда өтінім берушілер бағанында қол қоюды ұмыт қалдырады.
Өтінім берушілердің өтінім материалдарын рәсімдеу кезінде жіберетін заңнама талаптарына сәйкессіздіктері
№ |
Жіберілетін сәйкессіздіктер |
Өтінім материалдарын рәсімдеу кезінде өтінім берушінің басшылыққа алуы қажет заңнамалық құжаттармен қойылатын талаптар - ҚР Патент Заңы (әрі қарай - Заң); - Өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімдерге сараптама жүргізу Қағидасы (әрі қарай - Қағида) |
1 |
Пайдалы модель деп танылмайтын объектілерге өтінім беру Заңның 7 бабы 3 тармағына сәйкес Заңның 6 бабы 3 тармағына сәйкес Мыналар: 1) жаңалықтар, ғылыми теориялар және математикалық әдiстер; 2) шаруашылықты ұйымдастыру және басқару әдiстерi; 3) шартты белгiлер, кестелер, ережелер; 4) ақыл-ой операцияларын орындау, ойындарды жүргiзу ережелерi мен әдiстерi; 5) есептегiш машиналарға арналған бағдарламалар мен алгоритмдердiң өзi; 6) ғимараттар, үйлер, аумақтар жоспарларының жобалары мен тәсiлдерi; 7) бұйымдардың тек сыртқы түрiне қатысты ұсыныстар; 8) қоғамдық тәртіпке, iзгiлiк пен мораль қағидаттарына қайшы келетiн ұсыныстар өнертабыстар деп танылмайды. 2) шаруашылықты ұйымдастыру және басқару әдiстерi; 3) шартты белгiлер, кестелер, ережелер; 4) ақыл-ой операцияларын орындау, ойындарды жүргiзу ережелерi мен әдiстерi; 5) есептегiш машиналарға арналған бағдарламалар мен алгоритмдердiң өзi; 6) ғимараттар, үйлер, аумақтар жоспарларының жобалары мен тәсiлдерi; 7) бұйымдардың тек сыртқы түрiне қатысты ұсыныстар; 8) қоғамдық тәртіпке, iзгiлiк пен мораль қағидаттарына қайшы келетiн ұсыныстар пайдалы модель деп танылмайды. Заңының 6-бабының 3-1-тармағына сәйкес Патенттер мыналарға: 1) адамды клондау тәсілдеріне және оның клонына; 2) адамның ұрықтық желісі жасушаларының генетикалық тұтастығын өзгерту тәсілдеріне; 3) адами эмбриондарды коммерциялық, әскери және өнеркәсіптік мақсаттарда пайдалануға берілмейді. |
Заңның 7 бабы 1 тармағына сәйкес Адамдарды немесе жануарларды емдеудің терапиялық және хирургиялық тәсілдерін қоспағанда, өнімге (құрылғыға, затқа, микроорганизмнің штаммына, өсімдіктер немесе жануарлар жасушаларының көбеюіне), тәсілге (материалдық объектіге қатысты әрекеттерді материалдық құралдардың көмегімен жүзеге асыру процесіне), сондай-ақ белгілі өнімді немесе тәсілді жаңа мақсат бойынша не жаңа өнімді белгілі бір мақсат бойынша қолдануға жататын, кез келген саладағы техникалық шешімдер пайдалы модельге жатады. |
2 |
Пайдалы модельдің қате атауы: - мақсатының сипатталмауы; - атауда пайдалы модельді сәйкестендіру мақсаттары болмайтын "патент" сөзі, жеке есімдер, аббревиатура мен терминдердің пайдаланылуы. |
Қағиданың 47 тармағы Қағиданың 7 тармағы Пайдалы модель атауы оның мақсатын сипаттайды және нақты әрі қысқа болады. Пайдалы модель атауында өнертабысты сәйкестендіру мақсаттары болмайтын "патент" сөзі, жеке есімдер, тұрпайы атаулар, жарнамалық немесе сауда атаулары, тауар белгілері немесе аббревиатура мен терминдер пайдаланылмайды. |
3 |
Пайдалы модель сипаттамасының қате рәсімделуі: - аналогтардың әрқайсысын сипаттау кезінде ол ашып көрсетілген ақпарат көзінің библиографиялық деректерінің көрсетілмеуі; - библиографиялық деректердің сипаттама мәтінінде көрсетілмеуі; - өнертабысты жүзеге асыру кезінде алатын техникалық нәтиже көрсетіліп, шешіміне өтінім берілген өнертабыс бағытталатын міндеттің көрсетілмеуі; - сипаттамада сызба фигураларына (элементтеріне) сілтеме жасалмауы; - пайдалы модельдің мәні бөлімінде өтінім берушімен айқындалған пайдалы модельдің мақсаты мен қол жеткізілетін нәтижені көрсете отырып пайдалы модельдің жүзеге асырылу мүмкіндігінің толық көлемде ашылмауы |
Қағиданың 47, 48, 49 тармақтары Қағиданың 6 тармағы Сипаттама өтінім орыс тілінде берілген жағдайда қазақ тілінде де көрсетілетін пайдалы модель атауынан басталады және ол мынадай бөлімдерді қамтиды: - пайдалы модель жататын техника саласы (өнертабыстың қолданылу саласы көрсету қажет); - техника деңгейі (пайдалы модельдің аналогы ретінде пайдалы модельдің елеулі белгілерінің жиынтығына ұқсас, белгілер жиынтығымен сипатталатын пайдалы модельге басымдық берілген күнге дейін жалпы жұртқа қолжетімді болған мәліметтерден белгілі сол мақсаттағы құралды; Тікелей мәтінде аналогтардың әрқайсысын сипаттау кезінде ол ашып көрсетілген ақпарат көзінің библиографиялық деректерін, өтінім берілген пайдалы модельдің елеулі белгілеріне сәйкес келетіндерді бөліп ала отырып, аналогты сипаттайтын белгілерді, сондай-ақ өтінім берушіге белгілі қажетті техникалық нәтижені алуға кедергі келтіретін себептерді); - пайдалы модельдің мәні (пайдалы модельді жүзеге асыру кезінде алатын техникалық нәтиже көрсетіліп, шешіміне өтінім берілген пайдалы модель бағытталатын міндет. Пайдалы модельді сипаттайтын барлық елеулі белгілер қамтылады); - сызба фигураларының және өзге де материалдардың (егер олар қоса берілсе) тізбесі; - пайдалы модельді жүзеге асыру мүмкіндігін растайтын мәліметтер (пайдалы модельдің жүзеге асырылу мүмкіндігін растайтын мәліметтерде өтінім беруші көрсеткен мақсатта іске асыру мүмкіндігі және пайдалы модельдің мәнінде көрсетілген техникалық нәтижені алу мүмкіндігі ашып көрсетіледі). |
4 |
Графикалық кескіндердің қате рәсімделуі |
Қағиданың 50 тармағы Қағиданың 33, 43 тармақтары Графикалық кескіндер (сызбалар, схемалар, графиктер, суреттер және т.с.) ұзына бойына біркелкі қалыңдықтағы өшпейтін қара айқын сызықтармен, тушьсыз және бояусыз орындалады. Сызбада кескінделген элементтер пайдалы модель сипаттамасына сәйкес араб цифрларымен белгіленеді. Сызбалар, схемалар, суреттер пайдалы модельдің сипаттамасы мен формуласында келтірілмейді. Сызбалар, схемалар және суреттер жеке парақтарда (парақта) ұсынылады, оның оң жақ жоғарғы бұрышында пайдалы модельдің атауы келтіріледі. |
5 |
Пайдалы модель формуласының қате рәсімделуі – техникалық нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін барлық елеулі белгілерінің көрсетілмеуі; – елеулі белгілердің орнына қол жеткізілетін техникалық нәтиже белгілерінің көрсетілуі; – бірнеше сөйлем (абзац) түрінде жазылуы |
Қағиданың 50 тармағы Қағиданың 19-32 тармақтары Пайдалы модель формуласы патентпен берілетін құқықтық қорғау көлемін анықтауға арналады. Пайдалы модель формуласы анық, нақты болуы керек, сипаттамаға негізделеді және пайдалы модель сипаттамасындағы бар ұғымдармен сипатталуы керек. Формула тармағы неғұрлым жақын ұқсас белгілеріне сәйкес келетін пайдалы модель белгілерін, оның ішінде формуланы жазу басталатын мақсатты көрсететін тектік ұғымды қамтитын шектеу бөлігінен және пайдалы модельді неғұрлым жақын аналогынан ажырататын белгілерді қамтитын айырмалық бөліктен тұрады; Формула тармағы бір сөйлем түрінде жазылады. |
6 |
Пайдалы модель рефератының қате рәсімделуі - реферат мәтінінде техника деңгейінің келтірілуі; - реферат мәтіні ұсынылған көлемнен артық болуы |
Қағиданың 50 тармағы Қағиданың 34 тармағы Реферат пайдалы модель туралы қысқаша ақпаратты, яғни атауын, пайдалы модель жататын техника саласының және (немесе) қолдану саласының сипаттамасын және (немесе) егер бұл атауынан анық болмаса, әрбір тәуелсіз тармақтың барлық елеулі белгілері сақталатын формуланы еркін жазу арқылы сипатталған қол жеткізілетін техникалық нәтиже көрсетіліп, пайдалы модель мәнінің сипаттамасын қамтитын пайдалы модель сипаттамасының қысқаша жазылған мазмұнын білдіреді. Реферат мәтінінің ұсынылатын көлемі - 1000 баспа таңбаға дейін. |
7 |
Бастапқы материалдар шеңберінен тыс өзгертулер мен толықтырулар |
Қағиданың 105 тармағы Өтінім беруші өз бастамасымен немесе сараптама жасау ұйымының сұрау салуы бойынша ұсынған және қарауға қабылданған қосымша материалдар олардың мәлімделген пайдалы модель мәнін өзгертпеуіне тексеріледі, Қосымша материалдар, егер онда өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ, формулаға енгізуге жататын белгілерді қамтыса, өтінім берілген пайдалы модельдің мәнін өзгертеді деп саналады. Қосымша материалдарда келтірілген және формулаға енгізуге жататын белгілер, егер олар онда немесе формулада, егер ол ұсынылған болса, сараптама жасау ұйымына патент беруге өтінім, пайдалы модель сипаттамасы және сызбалар (егер сипаттамада оларға сілтемелер болса) түскен күні ашылмаған болса, өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ деп танылады. Егер өтінімнің бастапқы материалдарында пайдалы модель белгісі оны орындаудың жеке нысандарын ашпастан жалпы ұғыммен көрсетілген болса, осындай орындау нысанын қосымша материалдарда оны пайдалы модель формуласына енгізуге жататын белгіге жатқызумен ұсыну қосымша материалдарды мәлімделген пайдалы модельдің мәнін өзгертетін деп тануға негіз болып табылады. |
"Тауар таңбасын тіркеу", "Өнеркәсіптік меншік объектілеріне патент беру", "селекциялық жетістікке патент беру", "тауар шығарылған жердің атауын тіркеу" мемлекеттік қызметтерін көрсетуге өтініштер берген кезде өтінім берушілер жиі жіберетін қателіктер:
1. белгіленбеген нысандағы өтініш;
2. электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылмаған өтініш;
3. басқа үлгі бойынша өтініш (мысалы, басқа өтінішхат);
4. өтінішке басқа адам қол қояды;
5. мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш патент беру туралы шешім шығарылғаннан бұрын жіберіледі, бұл ретте өтінім мәні бойынша сараптама кезеңінде болады;
6. өтініш қағаз тасығышта берілген кезде заңды тұлғаның қолы мен мөрі жоқ.