Ұлттық зияткерлік меншік институты
«Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміндегі селекциялық жетістіктерді тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, патенттердің күшін жою және қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» 13-18 тармақтарына сәйкес сараптама жасау ұйымы Мемлекеттік тізілімге патенттің құқықтық мәртебесінің келесі өзгерістері туралы мәліметтерді оны апелляциялық кеңестің, сот органдарының шешімдері, уәкілетті органның хабарламалары және патент иеленушілердің (олардың құқықтық мирасқорларының немесе өкілдерінің) ұсыныстарымен:
1) Мемлекеттік тізілімнің жазбаларындағы қателерді түзету туралы;
2) тіркелген құқық беру туралы, тіркелген құқықты ұсыну туралы;
3) тіркелген құқықты беруге тіркелген құқықты ұсынуға қатысты келесі өзгерістер туралы;
4) патентті толық немесе ішінара жарамсыз деп тануға байланысты оның күшін жою туралы;
5) патент иеленушінің ұсынысы бойынша патенттің қолданылуын тоқтату туралы;
6) белгіленген мерзімде төлем жүргізілмеген кезде патенттің қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтату туралы;
7) патент иеленушінің атауына және оның мекенжайына өзгерістер енгізу туралы;
8) патент иеленуші өкілінің өзгеруі туралы;
9) хат алмасу үшін мекенжайдың өзгеруі туралы;
10) автордың, патент иеленушінің - жеке тұлғаның аты-жөнін,әкесінің аты, (бар болса) және /немесе тұрғылықты жерінің мекен-жайын, патент иесінің хат-хабар алмасу үшін мекен-жайы өзгеру туралы;
11) әртүрлілік сұрып, тұқым бойынша авторлық туралы енгізеді.
Өзгерістер патент иеленушінің (құқық мирасқордың)немесе патент иесінің сенімхаты бойынша әрекет ететін өкілінің сараптама жасау ұйымына тиісті өзгерістерді енгізу туралы ұсыныс хатты беруі арқылы енгізіледі.
Өтінішхат қазақ немесе орыс тілінде беріледі.
Өтініш хатқа патент иеленуші немесе сенімхат негізінде әрекет ететін өкіл қол қояды (егер патент иеленушілер бірнеше адамдар тобы болса, өтінішхатқа аталған топқа кіретін барлық адамдар қол қояды).
Өтініш хатқа мыналар қоса беріледі:
1) тиісті өзгерісті растайтын құжаттардың көшірмелері;
2) өзгерістерді енгізу үшін төлемді растайтын құжат;
3) сенімхатпен (егер өтінішхат өкіл арқылы берілетін болса) сенімхаттың көшірмесі (егер өтінішхат патенттік сенім білдірілген өкіл арқылы берілетін болса).
Өтініш хат және оған қоса берілетін құжаттар олардың сараптама жасау ұйымына келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.
Патент иеленушінің (патент иеленушілердің) атауына заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруға байланысты өзгерістер енгізген кезде құқық мирасқоры өтінішхат береді және тиісті өзгерістерді растайтын құжаттар ұсынылады.
Авторлар құрамына өзгерістер сот шешімі негізінде енгізіледі. Қорғау құжатында көрсетілген авторды құрамға енгізу немесе құрамнан шығару авторлар құрамының өзгеруі деп танылады.
Авторлар құрамына өзгерістер сот шешімі негізінде еркін нысанда авторлар құрамына тиісті өзгерістер енгізу туралы өтініш хат беру арқылы енгізіледі, онда қорғау құжатының нөмірі, енгізілетін немесе шығарылатын автордың тегі, аты, әкесінің аты (егер болса), тұратын жерінің мекенжайы, көрсетіледі.
Өтініш хатқа қоса беріледі:
1) сот шешімінің көшірмесі;
2) өзгеріс енгізуге төлемді растайтын құжат
3) сенімхатпен (егер өтінішхат өкіл арқылы берілетін болса) сенімхаттың көшірмесі (егер өтінішхат патенттік сенім білдірілген өкіл арқылы берілетін болса).
Өтініш және қоса берілген қосымша құжаттар сараптама жасау ұйымына келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.
Құжаттардың толық пакеті ұсынылмаған жағдайда өтініш беруші сараптама жасау ұйымы сұраныс жіберген күннен бастап 20 жұмыс күнінен кешіктірмей қажетті құжаттарды ұсынуы тиіс. Тиісті құжаттарды ұсынбаған жағдайда өзгерістер енгізілмейді, ол туралы ұсыныс хат берген адам хабардар етіледі.
Өзгерістер енгізілген жағдайда тиісті мәліметтер мемлекеттік тізілімге енгізіледі, бюллетеньде жарияланады (патент иеленушінің мекенжайы, хат алмасу үшін мекенжайдың және өкілдің өзгеруінен басқа), патент иеленушінің атына хабарлама жіберіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1343 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 24 қыркүйекте № 17416 болып тіркелді. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017416