Ұлттық зияткерлік меншік институты
Өндірістік үлгіге патенттің әрекет мерзімін ұзарту
Өндірістік үлгіге патент өтінім берілген күннен бастап он жыл мерзімге жарамды. Оның қолданылу мерзімі патент иеленушінің өтінішхаты бойынша әр жолы бес жылға ұзартылуы мүмкін.
Бұл ретте патенттің жалпы қолданылу мерзімі өтінім берілген күннен бастап жиырма бес жылдан аспауы тиіс.
Өтінішхат патенттің қолданысы мерзімі аяқталатын жылдың соңғы он екі айында, оны қолданыста ұстау шартымен, Ережелердің 17-қосымшасына сәйкес нысанда сараптама ұйымына ұсынылады.
Өндірістік үлгіге патенттің қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішхат беру және іс жүргізуді жүргізу үшін патент иеленуші патенттік сенім білдірілген өкілді немесе басқа да өкілді уәкілеттендіре алады, оған сенімхат беріледі.
Өтінішхат қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынылады.
Өтінішхатқа патент иеленуші (егер патент бірнеше тұлғаға тиесілі болса, өтінішхат барлық тұлғалар тарапынан қол қойылуы қажет) немесе сенімхат негізінде әрекет ететін өкіл қол қояды.
Өтінішхатқа қоса ұсынылатын құжаттар:
1. өндірістік үлгіге патенттің қолданылу мерзімін ұзарту және бұл туралы бюллетеньде мәліметтер жариялау үшін ақы төленгенін растайтын құжат;
2. өкіл арқылы берілген жағдайда сенімхат немесе патенттік сенім білдірілген өкіл берген жағдайда сенімхаттың көшірмесі.
Өтінішхат және оған қоса берілетін құжаттар сараптама ұйымына тікелей тапсырылады, пошта арқылы немесе ұйымның электрондық мекенжайына жолданады.
Өтінішхат пен оған қоса берілген құжаттар сараптама ұйымына түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.
Өтінішхат беру талаптары сақталған жағдайда, патенттің қолданылу мерзімі өтініште көрсетілген мерзімге, бірақ бес жылдан аспайтын уақытқа ұзарылады.
Өндірістік үлгіге патенттің қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының Өндірістік үлгілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізіліп, бюллетеннің келесі санында жарияланады.
Патенттің қолданылу мерзімінің ұзартылғаны туралы тиісті хабарлама өтініш берушінің мекенжайына жіберіледі.
Егер өтінішхатқа қоса берілетін құжаттар 62, 63, 64-тармақтарына сәйкес толық ұсынылмаса, өтініш берушіге сұрау салынған күннен бастап 20 жұмыс күнінен кешіктірмей қажетті құжаттарды сараптама ұйымына тапсыру қажет.
Тиісті құжаттар ұсынылмаған жағдайда, патенттің қолданылу мерзімі ұзартылмайды, бұл туралы өтінішхат берушіге хабарланады.
Егер өтініш беру және төлем жүргізу белгіленген мерзімнен кейін орын алса, Париж конвенциясының (1) 5 (bis) бабына сәйкес өнеркәсіптік меншік құқықтарын сақтау үшін төлемдер жасауға арналған алты айлық жеңілдікті мерзім қарастырылған. Бұл ретте қосымша төлем міндеттеледі, ал төлем мөлшері белгіленген тарифке сәйкес 50%-ға артады.
Өндірістік үлгіге патенттің қолданылу мерзімін қалпына келтіру
Қазақстан Республикасының Патент туралы Заңының 30-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тоқтатылған патенттің қолданылу мерзімі патент иеленушінің өтініші бойынша төлем мерзімі өтіп кеткен күннен бастап үш жыл ішінде қалпына келтірілуі мүмкін.
Қалпына келтіру туралы өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
• патенттің қолданылу мерзімін қалпына келтіруге қажетті құжаттарды дайындау және оның қолданыста болу кезеңі үшін ақы төленгенін растайтын құжат.
Сараптама ұйымы патенттің қолданылу мерзімін қалпына келтіру туралы өтініш берілген күннен бастап екі ай ішінде бұл туралы бюллетеньде хабарлама жариялайды. Жариялау күні – патенттің қолданылу мерзімін қалпына келтіру күні болып саналады.
“Өндірістік үлгіге патенттің қолданылу мерзімін ұзарту және қалпына келтіру” келесі нормативтік құқықтық актілермен реттеледі: